Алматы облысында есірткі курьері 16 жылға сотталды. Еске сала кетсек, Іле ауданының "Қазпошта" бөлімшесіне 800 граммға жуық каннабис сығындысы бар пошта жөнелтілімі келіп түскен. Оны ашу кезінде косметикалық өнім түрінде жасырылған 8 банка есірткі табылды. Кінәлі тұлға "Telegram" мессенджерін пайдаланып, есірткіні Таиланд елінен тапсырыспен алдырған. Жалпы, жыл басынан бері Қаржы мониторингі агенттігі контрабанда және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты 135 қылмыстық істі тіркепті.