Төлеби ауданында ғасыр жасаған қос қария туған күнін тойлады. Құралай Оразбаева 105 жасқа, Пернекүл Бектемірова 101 жасқа толды. Ғасыр құрдастарын құттықтауға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов арнайы келді. Өмірдің ащысын да тұщысын да көрген әжелер соғыс жылдарында ауылда тыл еңбеккері атанды. Құралай әжей 7 перзентін қанаттандырды. Үлкен ұлы 78 де, кішісі 60 жаста. 30 немере, 31 шөбере, 4 шөпшек сүйген. Ал Пернекүл Бектемірова 3 перзентінен 7 немере 27 шөбере, 5 шөпшек сүйіп отыр. Айта кетейік, Төлеби ауданында жүз жасқа жеткен 10 ға жуық қария бар.