Жемқорлықпен жұмысты құқық қорғау органдары өздерінен бастауы керек. Дептутат Еділ Жаңбыршин мәжіліс отырысында осылай деді. Халық қалаулысына жемқорлықты тыятын заң жобасының еуропалық стандартқа сүйеніп әзірленгені жақпай қалды. Ол Еуропалық стандартты енгізбес бұрын, қазақстандық азаматтардың психологиясы, салт-санасы әбден зерттелуі керек деп санайды. Сондай-ақ депутат құқық қорғау органдарының қызметкерлері пара алу мәселесінде осалдық танытатынын айтты.