Пневмонияға шалдыққан 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр

28
15.01.2025 20:40

Әлемді алаңдатқан метапневмовирусқа қарсы вакцина жасалмаған. Тіпті оны жазатын ем-дом шарасы да кездеспейді. Бүгін бұл туралы өңірлік коммуникация алаңында Түркістан облысы бас санитарының орынбасары айтты. Жалпы еліміз бойынша жұқпалы дерт маусымында 8360 тест алынған. Оның 30-нан дәл осы метапневмовирус  анықталыпты. Ал Түркістан облысында қауіпті дертпен күрес қалай жүріп жатыр? Әріптесім Нұрдәулет Сыздық анықтап көрді.