Түркістан
EN

Елімізде 7 мың шақырым канал салынады

36
15.01.2025

Елімізде 7 мың шақырым канал салынып, қайта жөндеуден өтеді. Ол үшін 137 жоба жүзеге асып жатыр. Тағы 201 жобаның сметалық құжаттары әзірленуде. Осылайша 700 мың гектар суармалы жер қалпына келіп, қажетсіз шығындар азаймақ. Жоспарға сай Түркістан облысында екі бірдей су қоймасы салынады екен. Бәйдібек-ата және Қарақуыс су қоймалары шаруалардың жұмысы ширатып, су тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етпек.