Биыл Түркістанда 944 азамат баспаналы болмақ. Облыс орталығында қазір көппәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, енді белгілі бір санаттағы азаматтар мемлекеттен жалға берілген үйлерді жекешелендіре алады. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Тарихи шаһардың тұрғын үй саласындағы тағы басқа жаңалықтар туралы толығырақ әріптесім Ақдариға Мұхаддас айтып берсін!