Түркістан облысында 70,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Осының нәтижесінде былтыр жайылым тапшылығы төмендеп, 608 мың гектар болған. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысының сөзінше, өңірдегі барлық жер қоры 11 млн 610,3 мың гектар. Облыстағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін қайтару бойынша ведомствоаралық кіші топтың құрамы бекітілген.