Ел билігі тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында электрондық саудаға қатысты талаптарды күшейтпек. Өйткені соңғы кездері онлайн платформаларды пайдаланушылар тарапынан тауардың және көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты шағымдар көп түсе бастаған. Бұл мәселе Үкіметте көтерілді. Жалпы, бір жыл ішінде қазақстандықтар онлайн саудаға 3,2 триллион теңге жұмсапты. Премьер-министр Олжас Бектенов сапасыз тауар сатып алған тұтынушылармен қатар, бәсекенің заңсыз тәсілдеріне тап болған өндірушілер үшін де қауіпті азайту қажеттігіне назар аударды. Әрі бүкіл сауда қызметін, оның ішінде базарлар мен үй маңындағы шағын дүкендердің қызметін цифрландыру бойынша нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.