Түркістан
EN

Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" саммитінде cөз сөйледі

138
14.01.2025

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде әлем климаттың өзгеруі, қуаңшылық, су тапшылығы және азық-түлік қауіпсіздігі секілді аса өзекті проблемалармен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті. Президент Қазақстанның аталған түйткілдерді үш басты бағытқа, атап айтқанда, цифрландыру мен жасанды интеллект, ірі инфрақұрылымдық жобалар және ядролық энергетика салаларына негізделген стратегия арқылы шешуге ниетті екенін жеткізді.