Түркістан
EN

Түркістан облысында 120 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген

52
14.01.2025

Халқы тығыз қоныстанған Түркістан облысында жұмыссыздықты жою мәселесі өзекті. Қазір өңірде 40 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек таппай жүр. Мәселені шешу үшін биыл 120 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Оның 60 пайыздан астамы тұрақты іс болмақ. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Ал ұсынылатын ваканцияларда әділ төлемақы төлеу, тұрғындарға тұрақты жұмыс ұсыну маңызды бағыт болмақ.