Түркістан
EN

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жалғасады

162
13.01.2025

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы басталғалы бері 1 миллионнан аса ағаш отырғызылып, 3 мың тонна қоқыс шығарылды. Аймақтағы тазалық жұмыстарына  299 мың тұрғын ат салысқан. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Өңір басшысы жауаптыларға тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.