Түркістан
EN

Елімізде қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды

119
13.01.2025

Елімізде қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды. Тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады. Қазіргі таңда 167 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген. Олардың 76,7%-ы қазақ тілінде, 23,2%-ы орыс тілінде, 142 адам ағылшын тілінде тест тапсырмақ. Атап өтсек, талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу тілін, күнін, уақытын және пунктін өздері таңдаған. Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, тестілеудің бірінші күні еліміз бойынша 2277 адам, оның ішінде елордада 155 талапкер ҰБТ тапсырды.