Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ресми сапармен Қытайға барды. Сапар барысында бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті. Сұхбат барысында Мәулен Әшімбаев Парламент Сенаты мен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне тоқталды. Тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы және өзге де бағыттардағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде пікір алысты.