Биыл студенттердің стипендиясы 2 есе көбейеді. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Жоғарғы оқу орындарының және колледж студенттері үшін шәкіртақы 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады. 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттері 52 372 теңге, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушылар – 84 000 теңге шәкіртақы алады. Магистранттар болса – 117 098 теңге, докторанттарға – 262 500 теңге ай сайын беріліп отырады.