Түркістан
EN

Былтыр елімізде 26,7 млн тонна астық жиналды

101
13.01.2025

Былтыр елімізде 26,7 млн тонна астық жиналды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Сондай-ақ ауылшаруашылық техникасын жаңарту қарқыны бойынша да өсім бар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша сала техника паркін жаңарту деңгейін 5,5%-ға жетккен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 пайызға жоғары. Одан бөлек, былтыр жалпы сомасы 120 млрд теңге болатын, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5% және 7 жыл мерзімге жеңілдетілген лизинг бағдарламасы іске қосылды. Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларымен күресу үшін де қажетті шаралар қабылданды – өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға 5% мөлшерлемемен айналым қаражаты беріліп, пестицидтерге субсидия көлемі 35,9 млрд теңгеге жетті.