Түркістан облысында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары күшейтіледі. Биыл бұл салада 160-тан астам жаңа нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұл Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жауаптылардың сөзінше, электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытында биыл 41 нысанның құрылысы жүреді. Осылайша жыл соңына дейін 18 елдімекендегі 22,3 мың халықты сапалы электр қуатымен қамту жоспарланып отыр. Өңірде тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары да жалғасады. Биыл 47 газдандыру нысанының құрылысы іске асырылады. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарға қатысты жауапты басқарма басшыларына және аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпелер айтып, жұмысты күшейтуді тапсырды.