Түркістан
EN

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнімнің 13 пайызы Түркістан облысына тиесілі

65
13.01.2025

Елімізде ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнімнің 13 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Ендігі мақсат – агоросекторға инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширату және су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы жетістікті жетілдіру. Аталған мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте қаралды. Жауаптылардың айтуынша саланы дамытуға 155 млрд теңге тартылып, өндірілген жалпы өнім көлемі 1 трлн теңгеден асқан.