Түркістан
EN

Қазақ жұрты белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметовті ақтық сапарға шығарып салды

59
13.01.2025

Қазақ жұрты белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметовті туған жері Түлкібас ауданында ақтық сапарға шығарып салды. 95 жасқа қараған шағында бақилық болған профессор өмірінің соңғы сәтіне дейін қазақ тұлғаларының мұраларын зерттеумен және түгендеумен айналысты. Оның жерлеу рәсіміне қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері, әріптестері мен шәкірттері қатысты.