Биыл "Жұмысшы мамандықтары жылы". Яғни, қоғамда еңбекқорлығы мен кәсібилігін қатар алып жүрген жандарды қолдауға басымдық берілмек. Осыған орай TURKISTAN арнасы «Жүз күнде - жүз жұмысшы» атты арнайы жоба бастаған болатын. Бүгінгі кейіпкеріміз Низамиддин Қасымов. Ол заманауи технологияның мүмкіндігін пайдаланып, есік бетіне түрлі кескін салады. Ерекше кәсіп иесімен Шынар Әділханқызы тілдесіп келді.