Түркістан
EN

Қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады

17
13.01.2025

Үкімет Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде іске асырылуда. Спорт кешені жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарына және жарыстар өткізуге арналған. Жобада бокс, күрес және басқа да спорт түрімен айналысуға арналған бірнеше зал қарастырылған.