Түркістан халықаралық әуежайының әлеуеті артпақ. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында әуежайды дамыту, ішкі және халықаралық рейстер санын арттыру мәселесі қаралды. Өңір басшысы жауапыларға аймақтағы авиация саласын дамыту жолдарын толық зерделеп, инвесторлармен тиімді әріптестік орнатуды тапсырды. Мақсат- облысқа турист тартып, көлік инфрақұрылымын дамыту.