Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин 85-ке қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды оның ұлы Едіге Мағауин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Жазбада, жазушы АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында бақиға аттанғаны жазылған. Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы Семей облысының Шұбартау ауданында туған. Көптеген әңгіме, хикаяттар, тың тақырып, өзгеше құрылымды романдар жазады. Бұл шығармаларда қазақ халқының өткеннен бүгінге дейінгі өмірі мен тарихындағы елеулі кезеңдер қамтылған. Ол Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Түркияның Халықаралық "Түрік дүниесіне қызмет" сыйлығының иегері, Улан-батордағы Халықаралық Шыңғыс хан Академиясының құрметті академигі атанды. Түркістан телеарнасы жазушының отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.