Түркістан
EN

Өткен жылы айналымнан 80 миллион теңгеден астам жалған ақша алынған

84
10.01.2025

Өткен жылы елімізде жалған 80 миллион теңге айналымға енген. Ол үшін қылмыскерлер 2 мыңға жуық банкнот әзірлепті. Ауадан ақша жасады деп айыпталған 8 адам темір торға тоғытылды. Олардың әрқайсысы 5 пен 6 жыл аралығында сотталды. Ал құзырлы орган өкілдері заңсыз ақшаға тап болмас үшін қолма-қол ақшаның түпнұсқалығына назар аударыңыз деп ескертеді. Купюраның қағазының сапасына, қорғаныш элементтеріне және текстура мен шрифтіне мән беріңіз