Түркістан облысының 8 ауданында білім бөлімінің қызметкерлері 12 млрд теңге көлемінде қаржы жымқырған. Облыстық прокуратура мен экономикалық тергеп тексеру департаментінің қызметкерлері аса ірі көлемде қаржы ұрлаған 165 адамға қатысты тергеуді аяқтап, қылмыстық істерді сотқа өткізді. Қазір алты ауданның білім саласы қызметкерлеріне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сауран ауданы бойынша алғашқы сот үкімі шықты.