Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді толық білуі тиіс. Мәжіліс депутаты Қазыбек Исамен өткен кездесуде түркістандық сайлаушылар осылай деді. Десе де, қазір тілдің мәртебесін заңмен қорғау жайы қаралып жатыр. Халық қалаулысының айтуынша мәжіліс мінберіндегі депутаттардың басым бөлігі мемлекеттік тілде ойын еркін жеткізе алатын көрінеді.