Мемлекеттік сатып алу процестері заң талабына сай әрі уақытылы жүзеге асып жүр ме? Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Салаға жауаптылардың айтуынша, мемлекеттік сатып алу басқармасына 2024 жылдың басынан тапсырыс берушілерден жалпы сомасы 216 млрд теңгеге 1 346 өтінім келіп түскен. Бүгінгі таңда 216 млрд теңгеге 1345 өтінімнің жұмысы аяқталған.