Сауран ауданында көпшіліктің алдында қысылмай бата беріп, әлеуметтік желі қолданушыларының қошеметіне бөленген бала тұрады. 5 жастағы Ақарыс әлі мектеп табалдырығын аттамаған. Соған қарамастан бүлдіршін жұрттың өтінішімен қазір ірі көкпарларда бата беріп жүр. Өзі отбасында сегіз баланың жетіншісі. Ерекше өнерімен елдің назарына іліккен Ақарыспен тілшіміз жақын танысып келді.