Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды. Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихатының жиналысына қатысты. Депутаттарға Мемлекет басшысының Түркістан облысының әкімі лауазымына екі кандидат ұсыну туралы хаты оқылған. Оған сәйкес қарауға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтің және Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің кандидатуралары ұсынылды. Нәтижесінде халық қалаулыларының басым көпшілігі Нұралхан Көшеровті қолдап дауыс берді.