Биыл «Жұмысшы мамандықтары жылы». Яғни, қоғамда еңбекқорлығы мен кәсібилігін қатар алып жүрген жандарды қолдауға басымдық берілмек. Осыған орай Turkistan арнасы "ЖҮЗ КҮНДЕ - ЖҮЗ ЖҰМЫСШЫ "атты арнайы жоба бастады. Алғашқы кейіпкеріміз - түркістандық Айзада Мейірбанова. Жаны нәзік болса да, жұмысы ауыр келіншек 20 жылдан бері көлік жөндеумен айналысып келеді. Жергілікті халыққа «Айка» есімімен танылған ұстамен тілшіміз Шұғыла Ғалиқызы сұхбаттасып қайтты.