Түркістан
EN

Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

70
06.01.2025

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа қызметке ауысты. Бүгіннен бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Дархан Амангелдіұлы еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданының «Келес» коммуналдық кәсіпорнында бастаған. 2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, 2007-2010 жылдары Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болған. 2019 жылы еліміздің Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған. Ал 2022 жылдың 31 тамызында Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған еді.