Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды. Халық қалаулысы Ұласбек Сәдібеков Төлеби ауданына келді. Мәжілісмен алдымен медицина мамандарын дайындайтын колледж жұмысымен танысып, қызметкерлерінің ұсыныс-тілектерін тыңдады. Айта кетсек, оқу орны бір мезетте 1 мың студентке арнайы орта кәсіби білім беруге қауқарлы. Бүгінгі таңда мұнда 640 шәкірт білім алуда.