Шымкентте аса ірі көлемде бюджет қаржысын ұрлаған шенеунікке қатысты тергеу аяқталды. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы жекеменшік серіктестіктің директоры және құрылтайшыларымен сөз байласып, бюджет қаражатын жымқырған. Тұрғын үйлердің ауласын абаттандыруда материалдардың құнын көтеріп, сметалық құжаттар жасаған. Осылайша 700 млн теңгеге жуық мемлекеттік мүлік талан-таражға түсті. Сот үкімімен үш айыпталушы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.