Президенттің жыл басында баспасөзге сұхбат беруі игі дәстүрге айналды. Бұл ашықтық, диалог пен әділеттілік саясатының жарқын көрінісі дейді Түркістандықтар. Зиялы қауым өкілдері президент сұхбатындағы басым бағыттарды іске асыруға әр қазақстандық атсалысып, ел болып жұдырықтай жұмылудың маңызы жоғары екенін атап өтті.