Түркістан
EN

Сауранда ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді

132
05.01.2025

Түркістандық қос ардагер 100 жасты еңсеріп, бір ғасырдың куәгерлері атанды. Оның бірі Сауран ауданында тұратын Зәкір Мұсаев болса, екіншісі Хапиза Қалбекқызы. Бірі зұлмат соғыста ерлік көрсеткен ардагер болса, енді бірі тыл еңбек ардагері. Қос қарияның мерейтойымен құттықтап облыс әкімінің орынбасары бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері арнайы барды.