Елімізде метапневмовирус штамы анықталды. Нақтырақ айтсақ, аталған сырқатты жұқтырудың 30 дерегі тіркелген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша метапневмовирус ауа арқылы жұғып, өкпені зақымдайды. Инфекцияның негізгі белгілері – жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, бас ауруы. Министрлік халықты профилактика шарасын сақтауға, адам көп жиналатын жерде басқалармен байланысуды шектеуге шақырады. Айта кетсек, қазіргі таңда Қытайда аталған вирус өршіп, ауруханаларда науқастар саны көбейген.