Елімізде жаңа жылдық мереке күндері пиротехникалық құралдардан 63 адам зардап шекті. Олардың басым бөлігіне көз жарақаттары, қолдың күйіктері мен жарақаттары диагнозы қойылған. Нәтижесінде денсаулығына зақым келген 12 адам стационарға емдеуге жатқызылып, қалған 51 пациент амбулаториялық ем алып жатыр. Арасында 20-дан астам бала бар. Айта кетейік, ең көп зардап шеккендер Алматы қаласы мен Жамбыл облысында тіркелген.