Жамбыл облысында "Жайлы мектептен" өрт шықты. Қызыл жалын үш қабатты ғимараттың 80 шаршы метрін шарпыған. Қолданысқа әлі берілмеген нысанда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр екен. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өрт шыққан сәтте құрылысшылар ғимараттан өз күштерімен шығып үлгерген. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар тілсіз жауды аз уақыттың ішінде ауыздықтады.