Түркістан
EN

Төлебиде саз мектебінің қосымша ғимараты ашылды

237
30.12.2024

 Түркістан облысы Төлеби ауданының балалары су жаңа саз мектебіне бара алады. Аталған мектептің қосымша ғимаратының ашылу салтанаты өтті. 1975 жылы негізі қаланған саз мектебінде бүгінде екі ауысымда 405 оқушы тәлім алуда. Жеткіншектердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 11 мамандық түрінен 39 қосымша білім беру педагогы еңбек етеді. Мектеп ғимаратының ашылу салтанатына орай, саз мектебінің оқушылары жанды дауыста, оркестр сүйемелдеуімен мерекелік концерт ұйымдастырды. Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов оқушылар мен ұстаздарға құттықтауын жеткізді.