Түркістан
EN

Биыл Парламентте 104 заң қабылданды

205
31.12.2021

Биыл Парламентте 104 заң қабылданды. Жылды қорытындылаған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осыны мәлімдеді. Сондай-ақ жоғары палата Президенттің жолдауы мен тапсырмаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуді абыроймен атқарғанын атап өтті. Құнды құжаттар жер қатынастары мәселелерін, мемлекеттік басқару жүйесін реттеуге, өлім жазасынан бас тартуға, құқық қорғау органдарын реформалауға, бизнеске жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, 2021 жылы санаторлар 100-ге жуық депутаттық сауал жолдаған. Қоғамды алаңдатқан сауалдарға қатысты 80-нен астам жиын өткен.