Түркістан
EN

Ақтаудағы ұшақ апаты: Президент ерлік танытқан азаматтарды марапаттады

213
30.12.2024

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде зардап шеккен адамдарды құтқарған бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Мемлекет басшысының жарлығымен 2 ші және 3 ші дәрежелі Айбын орденімен облыстық полиция және төтенше жағдай департаментінің 2 қызметкері марапатталды. Ал «Құрмет» орденімен облыстық аурухана мен әуежай бекетінің медициналық қызметкерлері марапатталса, тағы бірқатар апат алаңында көмек көрсеткендер «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері атанды. Сонымен қатар 51 адамға Президенттің алғысы жарияланды.