Мереке күндері Түркістанда қауіпсіздік шаралары күшейеді. 31 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Полиция департаменті мен «Ұлттық ұлан» әскери бөлімінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл туралы өңір басшысы Дархан Сатыбалды мен құзырлы орган өкілдерінің кездесуінде белгілі болды. Облыс аумағында Жаңа жыл мерекесіне орай қоғамдық тәртіпті сақтауға 1 423 қызметкер, 124 патрульдік автокөлік жұмылдырылмақ.