Еңбегі ерен, бейнеті ауыр азаматтарға лайықты құрмет көрсетілмек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Мақсаты - жұмысшы мамандықтарын дәріптеу. Өскелең ұрпақты еңбекқорлыққа баулып, нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттау.