Түркістан
EN

Үш ақынның кітабы оқырманға жол тартты

280
27.12.2024

Түркістанда үш бірдей ақынның кітабы оқырманға жол тартты.  Абай Қалшабек, Әлімжан Әлішер мен Бауыржан Ерман еңбектерінің таныстыру шарасы Фараб кітапханасында өтті. Абай Қалшабектің туындылары терең философиялық ойлары арқылы оқырманды тәрбиелейді. Ал, Әлімжан Әлішердің жырлары жанды баурайтын нәзік сыршылдығымен ерекшеленсе, Бауыржан Ерманның шығармалары бүгінгі қоғамның айнасын айқын көрсете отырып, оқырманды ойға жетелейді. Айта кетейік, кітаптың таныстырылымына өңірдің зиялы қауым өкілдері келіп, авторларға сәттілік тіледі