Ұшақ апатынан қаза болған қазақстандықтардың отбасына қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Айтуынша, олардың отбасыларына бір реттік 5 млн теңге беріледі. Сондай-ақ, әр отбасы республикалық бюджеттен 138 мың теңге көлемінде көмек алады. Ал мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 257 мың теңге төленеді. Демеушілер мен жұмыс берушілер тарапынан көмек қарастырылған, деді вице министр.