Түркістан
EN

Қазақстанда "омикрон" анықталған жағдайда қандай өзгерістер болады?

233
31.12.2021

Елімізде «омикрон» анықталса, шектеу шаралары күшейеді. Бұл жайында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствааралық комиссияның отырысында айтылды. Жиында індетке  қарсы күрес жоспары бекітілді. Енді 5 қаңтардан бастап сауда үйлері, караоке, ойын-сауық орталықтарына тек «жасыл» статусқа ие тұрғындар кіре алады. Егер елде «омикрон» тіркелсе, банк, Қазпошта, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен спорттық кешендерге де дәл осындай талап қойылмақ. Статистикаға сүйенсек, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Атырау, Маңғыстау, Түркістан облыстарында екпе алу қарқыны бәсеңдеп қалған. Сондықтан әкімдіктерге вакциналау шараларын күшейту тапсырылды.