Түркістан облысында еліміздің көлік және логистика саласындағы жаңа әрі ауқымды нысан іске қосылды. Арыс қаласында ашылған нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика саласын дамыту тапсырмасы бойынша жүзеге асқан. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды осы және өзге де кәсіпорындардың жұмысымен танысып қайтты.