Түркістан
EN

1200 орындық «жайлы мектеп» ашылады

120
26.12.2024

Түркістан облысы Шардара ауданында 1200 орындық «жайлы мектеп» ашылады. Бүгінде оның инженерлік- инфрақұрылым жүйелері аяқталған. Нысан 4,2 гектар аумақты алып жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданға іссапармен барып, жаңа білім ұясына қойылар талап пен тәртіп туралы айтты. Басты қағида – тәртіп пен талап. Білім деңгейін көтеру, ұстаздардың біліктілігін арттыру екенін атап өтті. Айта кетейік, Биыл өңірде 50 мектеп салынып жатыр. Оның ішінде 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында соғылуда. Осылайша, мектептегі орын тапшылығы мен 4 апатты, 3 үш ауысымды мектептер мәселесі шешілмек.