Түркістан
EN

Жүгері өңдеу зауытының дәнді кептіру және сақтау кешені іске қосылды

56
26.12.2024

Түркістан облысында жүгері өңдеу зауытының дәнді кептіру және сақтау кешені іске қосылды. Зауыт жұмысымен танысу үшін өңір басшысы ауданға арнайы барды. Жүгері өңдеу зауыты 35 гектар аумақта орналасқан. Инвестиция көлемі 35 млрд теңге. Жаңа өндірістің І кезеңінде дәнді кептіру және сақтау кешені іске қосылған. ІІ кезеңнің жоспарына сәйкес зауыт ғимараты салынуда. Онда 500-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтылады. Өндіріс кешені келер жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сондай ақ, өңір басшысы балық өндіру зауытын аралап көрді. Мұнда жылына 1600 тонна дайын балық өнімдері өндіріліп, өз елімізден бөлек Германия, Дания, Ресей Федерациясына жөнелтілуде. Түркістан облысы балық өндіруден көш бастап тұр.