Бүгін бауырлас ел Әзербайжанда қаралы күн. Кеше Ақтау әуежайы маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының бортында болған 38 адам қайтыс болған. Ал ұшақ құлаған Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Апаттан кейін 29 адам тірі қалды, олардың 11-і ауыр халде реанимация бөлімінде жатыр. Айта кетейік, ұшақта болған 6 Қазақстан азаматының бәрі мерт болды. Ал Ақтау тұрғындары зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыстық қан орталығына жаппай барып, қан тапсыруда. Сондай-ақ, ұшақтың қара жәшігі табылды. Қазіргі уақытта апаттың нақты себептерін анықтау үшін ттергеу жұмыстары жалғасуда.