Түркістанда улы газдан иістеніп көз жұмған 5 адамның өлімі бойынша қылмыстық іске нүкте қойылды. Сот үкімімен тұрғын үйге газ құрылғыларын орнатқан және жалған техникалық құжат жасаған екі фирманың басшысы кінәлі деп танылды. Енді олар 4 жылын абақтыда өткізетін болмақ. Сот отырысында белгілі болғандай, отағасы көршісінің үйіне газ құбырын монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылардан өз үйіне газ құбырын тартып беруін сұраған. Ал олар фирма директорына айтыпты.Мекеме басшысы ешбір құжатсыз жұмыс істеуге рұқсат берген. Содан бұл салада арнайы білімі жоқ қызметкерлеріне монтаждау жұмыстарын жүргізуге нұсқау берген.